Қосшы қаласының әкімі тағайындалды

Жаңалықтар
view 309
news

Сурет: Ашық дереккөзден алынды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Қосшы қаласының әкімі болып Азамат Капышев тағайындалды. Бұл туралы Janabastau.kz хабарлайды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласының активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Азамат Капышевтың жоғары кәсіби қасиеттері бар білімді және білікті басшы екенін атап өтті. Жаңа басшылыққа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, соның ішінде сумен қамтамасыз ету, электр және жылумен жабдықтау, инфрақұрылым салаларында бірқатар міндеттер қойылды.

Аймақ басшысы жоспарланған барлық нысандардың уақытылы пайдалануға берілуін жеке бақылауға алуды, сондай-ақ жылыту маусымының сәтті және үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қала келбетін жақсарту, қоқыс шығару мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі де айтылды.

Географиялық тиімді орналасуды ескере отырып, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет. Әлеуметтік нысандарды іске қосу және жол желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс күтіледі.

Кездесу соңында Марат Ахметжанов жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілеп, Қосшы қаласының бұрынғы әкімі Гайдар Қасеновке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Азамат Қапышев 1978 жылы Ақмола облысының Зеренді ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

2003-2011 жылдары ҚР Парламенті Сенатының аппаратында, одан кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратында жұмыс істеді, онда ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімі секторының меңгерушісі болып қызмет істеді.

2011-2017 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі секторы инспекторының және меңгерушісінің, ҚР Президенті Баспасөз қызметі секторы меңгерушісінің лауазымдарын атқарды.

2017-2018 жылдары Зеренді ауданы әкімінің орынбасары;

2019-2024 Ақмола облысы әкімі аппараты басшысы орынбасары болды. Күні кешеге дейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарды.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *