«Балалы-шағалы болса да жатақxанада шұбырып жүре береді»: Айнұр Тұрсынбаева кедейлікті айтты

Жаңалықтар
view 446
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Белгілі айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева көп адам өзіне келетін несібенің жолын өзі жабатынын айтты, деп хабарлайды janabastau.kz KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

Ол адам миына өзі программа жіберетінін түсіндірді. Сондай-ақ, өзіңе келген несібеден бас тратпауға шақырды.

“Адам көп жағдайда өзіне келетін несібенің жолын өзі жабады. Ауыздан шыққан әрбір сөз сіздің өз өміріңізге жасалынатын бағдарлама. Ал біз сол бағдарламаны кішкентайымыздан дұрыс қоймаймыз. Мысалы, үйге қонақ келіп, сіздің балаңызға ақша ұстатты. Сіз бірден: "алма, ұят болады" дейсіз. Ол қонақтан емес, жоғарыдан берілген ақша негізі, сіз оны алғыңыз келсе де ұяласыз! Баламыздың өзі біреу ақша берсе "рақмет" дей салмайды, "жоқ, керек емес" деп безілдеп тұрады. Яғни, блок қойып, ақшаның келу жолын жабады. Одан кейін сізге біреу қымбат сыйлық жасаса, бірден басқа адамға сыйлап жібереміз. Тіпті, "несіне әуре болдың, қымбат қой" деп сөйлеп қаламыз. Яғни, жоғарыға "мұндай қымбат сыйлыққа мен лайық емеспін" деген сигнал жібереміз. Жақсы букет сыйланса "кімнің туған күні" деп жанталасамыз. Босқа солып қалады деп сыйлап жібереміз. “Бірнеше миллион табыс табуға болады" десең "ой, маған 100 мың жетеді" деп күрсінетіндер де бар. Тағы да қате программа! Маған көп ақша жіберме, Аллам" деген сигнал төбеңізде жанып тұр”, – деп жазды айтыскер ақын. 

Бұдан бөлек психолог үйсіз жүрендерді сөз етіп, олардың үлкен үй армандамайтындарын айтты. Керісінше, өздерінің жатақханада тұруларын ыңғайлы санайтындарын жеткізді.

“Біреулермен баспана туралы сөйлесе қалсақ "1 жатақxана немесе 1 бөлме үй алсақ жетеді" деп қашқақтап шығады. Араға біраз уақыт салып, қалаған жатақханасына қол жеткізеді. Себебі Алла тағала еш пендесінің сұрағанын бермей қоймаған. Сөйтіп балалы-шағалы болса да сол жатақxанада шұбырып жүре береді. Қымбат дүкеннің қасынан өтіп бара жатсақ өліп кетсек те кірмейміз. “Құрсын, удай қымбат! Ондай ақша қайдан болсын менде! Ақшам болса да мұндайды кимеймін" деп шалқайып шыға келеміз. Дәл осы жерде тартылыс заңының бетін қайтарамыз. Адам не айтса, не жасаса соны тартады. Кез келген ұнаған затты "өзімдікі" деп қабылдап үйреніңіз”, – деп кеңес берді психолог-коуч. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *