Қосшыда Ұларбек Нұрғалымұлының шығармаларын оқудан қалалық байқау өтеді

Жаңалықтар
view 26
news

Фото: дереккөз

Қосшы қаласында танымал жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының шығармаларын оқудан қалалық байқау ұйымдастырылады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Байқауға жазушының «Дайағашшы», «Қар суымен келген жылқы», «Қараманнан шыққан қайыршы», «Ауылды “ұстайтын” апа» туындыларын оқыған оқырмандар қатыса алады.

Шараның мақсаты – Ұларбек Нұрғалымұлының шығармашылығын насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру, жас оқырмандардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығарманың негізгі идеясы мен мазмұнын, кейіпкерлер жүйесін тану және талдау.

Байқауға жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық оқырман қатыса алады. Байқау тест түрінде өткізіледі. Тест 25–30 сұрақтан тұрады, әр сұраққа 4 жауап нұсқасы беріледі. Сұрақтар шығармалардың мазмұны, кейіпкерлері, негізгі идеясы мен көркемдік ерекшеліктері негізінде құрастырылады.

Қатысушыларға тест тапсыру үшін 30 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай есептеледі, қате жауапқа ұпай берілмейді. Ең жоғары ұпай – 30. Жеңімпаздар жинаған ұпай саны бойынша анықталады. Тест жауаптарын қазылар алқасы тексереді, қазылар шешімі өзгертілмейді.

Ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз атанып, дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Байқау 2026 жылғы 13 ақпанда сағат 15:00-де Қосшы қаласының қоғамдық мәдени-спорт кешенінің концерт залында өтеді.

Ұйымдастырушы – Қосшы қаласының орталық кітапханасы. Байланыс нөмірі: 8 775 913 20 02 (Майгүл Қариғазықызы).

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *