«Қуанышымды жеткізе алмай тұрмын»: Тұрсынбек пен Мөлдір үлкен қыздарын Дубайдан күтіп алды
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Бірнеше күннен бері елге оралудың жолын таппай жүрген Әдемі Тұрсынбекқызы Қазақстанға келді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жайында Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде жазды. Ол қызын әуежайдан күтіп алған. «Бұл қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын. Адемогым аман-есен үйге жетті. Әлемде тыныштық болсын!», – деп жазды ол.
Бұл оқиғаға желі қолданушылары да қуанышты екенін жасырмады. Сондай-ақ, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов та тұңғыш қызының келгенін желіге жариялады.
"Жаным, аман-есен келуіңмен!", - деп жазды ол. “Бірден Тұрсынбектің сторизін қарап кеттіппін ғой. Қызын қарсы алуға шықты ма деп”, “Жаным, көзіме жас келді”, “Қазақстанда оқи беріңдерші мына заманда” деп жазды желі қолданушылары.


Пікірлер (0)