Құлсарыда 40 жастағы жігіт балаларды сүйіп, өзімен бірге алып кетпек болған
Фотосурет: point.md
Құлсарыда көшеде балаларды сүймек болып, өзімен бірге әкетуге әрекеттенген ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ол жөнінде Атырау қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде шағымданды.

Көшеде баламызға тиісіп жатса да заң жоқ сияқты. Біреу міндетті түрде өліп, біреу қорлануы керек пе? Өзімізді өзіміз қорғауға тура келетін заманға да жеттік, – деп жазды ол.
Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Құлсарының 1985 жылы туған тұрғынын анықтап, ұстады. Ол 8-9 жастағы екі жасөспірімге қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікке ілінді. Ұсталған адам II топтағы мүгедек болып шықты.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаға байланысты полицейлер кәмелетке толмағандардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балаларды қараусыз қалдыруға қатаң тыйым салынатынын ескертті.
Сотқа дейінгі тергеудің барысы Атырау облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Пікірлер (0)