Құлыбаев банкінің «Халық» атауын алуына хақысы жоқ! - депутат

Жаңалықтар
view 116
news

Фотосурет: Kazinform коллажы

Тимур Құлыбаевтан Halyk Bank-ті тартып алу ұсынылып отыр. Нақты айтқанда, қаржы ұйымының өзін емес, оның брендін. Депутаттар банктің атауы ел заңнамасына қаншалықты сәйкес келетініне күмән келтіріп отыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

«Halyk Bank-тің «Халықтық» деп аталуға хақысы бар ма?» деген сұрақты «Банктер туралы» жаңа заң жобасын таныстыру кезінде депутат Марат Башимов төтесінен қойды.

Германияға қарайтын болсақ, онда банктердің жартысы  мемлекеттік. Ал бізде бәрі жекенің қолында дегенді санамызға сіңіріп тастаған. Олай емес! Бүкіл Германия, Франция, жалпы Еуропада мемлекет жүйе құраушы банктерді ұстайды. Бүкіл ұлттық қауіпсіздік солардың қолында, деді Марат Башимов.

Шетелдік тәжірибені талдаудан кейін мәжілісмен отандық жағдайға ойысып, Тимур Құлыбаев өз банкін «халықтық» деп атап, салымшыларды шатастырып жүрген жоқ па деген күдік білдірді.

Біздің Азаматтық кодексте Қазақстан Республикасының атынан атау беруге тыйым салынған. Ал «халық» конституциялық ұғым. Халық атынан тек белгілі бір конституциялық органдар ғана сөйлей алады. Ал мұнда «Халық банк» деп ат қойып алған да адамдарды адастырады! Кешіріңіз, оған мұндай құқықты кім берді? Әділет министрлігі мұндай атаулардың бәрін тексеріп, қарауға шығаруы керек. «Халық банк» деп аталуға түбегейлі хақысы жоқ!  деп ашына сөйледі Марат Башимов.

Депутаттың сауалына жауап берген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова заңнамада мұндай «халықтық-патриоттық» атауларға тыйым бар-жоғын тексеретінін айтты.

Қазір «Халық банкі» атауына қатысты нақты пікір айта алмаймын. Заңнамада мұндай атауды қолдануға тыйым салынған ба, соны анықтау керек, - деді ол.

Ал шетелдік банктерді тарту мәселесіне тоқталған агенттік басшысы жаңа заң жобасы бәсекелестікті дамытуға бағытталғанын жеткізді. Ол шетелдік қаржы ұйымдарының қазақстандық нарыққа шығуына барынша либералды жағдай қарастырады. Шетелдік банктер тарапынан Қазақстанға қызығушылық бар, ал агенттік салаға жаңа инвестициялар тарту үшін жұмыс істемек.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *