«Қытай, Ресеймен көрші болғым келмейді»: Трамп тосын мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 202
news

Фотосурет: dnyuz.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияға қатысты мәлімдеме жасап, аралды АҚШ бақылауына алудың ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан маңызды екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қадам Ресей мен Қытайдың аймақта ықпалын күшейтуіне жол бермеу үшін қажет, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Трамптың бұл пікірін BBC журналистерге айтқан сөздеріне сүйене отырып таратқан.

Ақ үй бұған дейін Гренландия аралын сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлім еткен болатын. Бұл аумақ Дания құрамына кіретін, бірақ жартылай автономиялық мәртебеге ие әрі НАТО мүшесі саналады. АҚШ әкімшілігі аралды күшпен қосып алу нұсқасын да жоққа шығармаған.

Елдер меншікке ие болып, соны қорғауға тиіс. Ал жалға алған аумақты қорғау жеткіліксіз. Біз Гренландияны қорғауымыз керек, – деді Трамп BBC тілшісінің сұрағына берген жауабында. Ол бұл мәселе «жеңіл жолмен де, қиын жолмен де шешілуі мүмкін» екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, АҚШ президенті Гренландияның ел қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы зор екенін бірнеше рет айтқан. Оның пайымынша, арал «ресейлік және қытайлық кемелермен қоршалған». Қазір АҚШ-тың 100-ден аса әскери қызметкері Гренландияның солтүстік-батысындағы Питуффик әскери базасына тұрақты түрде орналасқан.

Даниямен жасалған келісімдерге сәйкес, АҚШ Гренландия аумағына қалаған көлемде әскер енгізуге құқылы. Алайда Вашингтонда журналистер алдында сөйлеген Дональд Трамп жалға алу туралы келісімнің жеткіліксіз екенін мәлімдеді.

Елдер 9 жылға немесе тіпті 100 жылға келісімшарт жасай салмауы керек. Олар меншік құқығына ие болуға тиіс. Мен Қытай халқын жақсы көремін. Ресей халқын да жақсы көремін. Бірақ олармен Гренландияда көрші болғым келмейді. Бұған жол берілмейді, – деді Трамп.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *