Қытайлар бізге жаңа қала салып бергелі жатыр

Жаңалықтар
view 150
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Қытайлық China State Construction Engineering Corporation компаниясымен Қазақстанның оңтүстігіне «Alatau City» атты жаңа қала салу жобасына қатысты келісімге бүгін қол қойылады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Жобаға қытайлық компаниялар тартылатынын бүгін Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтты. Жоспар бойынша, бұл қала елімізде инновацияны, криптоиндустрия мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жол ашатын қуатты орталық болмақ. 

Біз «Alatau City» жаңа қала салу жобасына айрықша мән беріп отырмыз. Осы орайда қытайлық компаниялармен өзара тығыз байланыста жұмыс істеуге ниеттіміз. Бүгін China State Construction Engineering Corporation компаниясы қазақ тарапымен тиісті келісімге қол қояды. Біз оны толық қолдаймыз. Құрылысты тез арада бастау қажет деп ойлаймын. Жақын арада «Alatau City» біртұтас экожүйе ретінде арнайы мәртебеге ие болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *