Радикализмге қарсы ең мықты құрал – білім мен сана

Жаңалықтар
view 40
news

Фото: religions-congress.org

Қазіргі таңда радикализм мен экстремизм қоғам қауіпсіздігіне төнген ең өзекті қатерлердің біріне айналды. Әсіресе, интернет кеңістігі арқылы таралатын теріс идеология жастарға оңай әсер етуде. Осындай жағдайда оған қарсы тұрудың ең тиімді жолы қандай? Бұл шағын сұхбатта Қосшы қаласы ПБ КПБ жедел уәкілі, полиция капитаны Мадияр Уралов радикалды көзқарастардың алдын алу, жастарды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту мәселелері туралы өз ойын ортаға салады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

– Терроризм мен экстремизмнің алдын алуда қандай тәсілдер тиімді?

– Ең тиімді тәсіл – алдын алу. Яғни, адам радикалды идеяға тап болмай тұрып, оған қарсы иммунитет қалыптастыру керек. Бұл – білім беру мен түсіндіру жұмыстары арқылы жүзеге асады.

– Қазір негізгі қауіп қайдан туындайды?

– Негізгі қауіп – интернет кеңістігі. Әлеуметтік желілер мен түрлі платформалар арқылы радикалды идеялар жасырын түрде таралуда. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздік мәселесі өте өзекті.

– Жастар неге жиі осындай идеологияның ықпалына түседі?

– Себебі жастар ізденіс үстінде болады. Өзін, орнын іздейді. Егер осы кезде дұрыс бағыт көрсетілмесе, олар күмәнді ағымдардың ықпалына түсуі мүмкін.

– Бұған қарсы не істеу керек?

– Жастармен ашық жұмыс істеу керек. Тек тыйым салу жеткіліксіз. Оларға түсіндіру, сұрақтарына жауап беру маңызды. Сонымен қатар, сыни ойлау қабілетін дамыту қажет.

– Қарапайым азамат нені ескеруі тиіс?

– Кез келген ақпаратты тексеру, күмәнді діни немесе идеологиялық контенттен сақ болу. Егер жақындарыңыздың мінез-құлқында өзгеріс байқалса, назар аудару қажет.

– Радикализмге қайтсек қарсы тұра аламыз?

– Қауіпсіз қоғам – саналы қоғам. Әр адам өз жауапкершілігін сезінгенде ғана біз радикализмге қарсы тұра аламыз.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *