Референдум – жалпыұлттық бірлік пен тұрақтылықты нығайтудың тиімді тетігі
Фотосурет: sputnik
Негізгі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша алдағы жалпыхалықтық дауыс беру – қоғамымызды сапалы жаңғырту жолындағы аса маңызды қадам.
Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномедиатор ретінде талқылауға ұсынылған жобаны мен ұлтаралық келісім мен азаматтық татулықты одан әрі нығайтудың берік платформасы деп бағалаймын.
Ұсынылып отырған бастамаларда әрбір азаматтың этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан құқықтарын қорғаудың мызғымас құқықтық негіздері қаланған. Бұл – еліміздегі тұрақтылықтың басты іргетасы. Мемлекеттік құрылыс күн тәртібіне құқық қорғау мен әділеттілік тетіктерін күшейтетін нормалардың енгізілуі – құптарлық қадам.
Бұл медиация институттарының дамуына және сындарлы диалог мәдениетінің қалыптасуына қолайлы орта қалыптастырады. Кез келген мәселе құқықтық алаңда, бүкіл халықтың мүддесін ескере отырып шешілуі тиіс. Референдум бізге бірлік пен өзара құрмет құндылықтарына адалдығымызды тағы бір мәрте дәлелдеуге бірегей мүмкіндік береді.
Алдағы дауыс беруге қатысу – жоғары азаматтық жауапкершіліктің әрі ортақ үйіміздің болашағына деген жанашырлықтың айқын көрінісі. Біз мемлекеттік институттарды ашық, ал қоғамды ұйысқан әрі берік етуге бағытталған маңызды өзгерістер табалдырығында тұрмыз.
Ақмола облысының тұрғындары әрдайым парасаттылығы және ауызбіршілігімен ерекшеленіп келеді.
Сондықтан олар осы тарихи үдерісте белсенділік танытып, егемен Қазақстанның өркендеуіне берік негіз қалайтынына сенімдімін.
Пікір иесі: Қазанғапов Ыбырай Бөлтірікұлы, Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномедиаторы
Пікірлер (0)