Ринат Зайытов: МӘМС-тің заты ғана емес, аты да қате
Фотосурет: Telegram / Mazhilis_kz
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов МӘМС атауының өзінде қателік барын айтып, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға сұрақ қойды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Депутат Ринат Зайытов денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға МӘМС-тің заты ғана емес, аты да қате екенін жеткізді. Депутат өз сөзіне мысал келтіріп берді.
Оның ішінде біріншісі – Президенттің сөзін бұрмалау. Президент жолдауында «міндетті» деген сөзді айтқан жоқ. Онда «ерікті әлеуметтік медициналық сақтандыруды тәжірибеге енгізуді ұсынамын» деді. Біздікілер «шаш ал десе, бас алады». Ерікті дегенді міндетті қылып жібердік. МӘМС-ті қазір тоқтата алмасақ, мен сізге бір мысал айтып берейін. Аягөзде МӘМС-тің жоқтығынан адам қайтыс болған. Сондықтан жаппай халықты қабылдайтын жүйе ойлап табуларыңызды сұраймын, - деді депутат.
Айта кетейік бүгңн Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті.
Пікірлер (0)