Сәбиді дүниеге әкелген соң... Жас ананың өлімі елді дүр сілкіндірді

Жаңалықтар
view 228
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ақмола облысы Бұланды ауданындағы ауылдардың бірінде жас ананың денесі табылды, деп хабарлайды Janabastau.kz.

Қайғылы жағдай 26 маусым күні тіркелген. Полиция мәліметінше, әйел үйдің жанындағы шаруашылық ғимаратта асылып қалған күйінде табылған. Оны туыстары үйге оралған кезде көрген. 

Алдын ала болжам бойынша, әйелдің мұндай қадамға баруына босанғаннан кейінгі депрессия себеп болуы мүмкін. Бұл ресми түрде расталмағанымен, әлеуметтік желілер мен жергілікті тұрғындар арасында қызу талқыланып жатыр.

Марқұм әйел жақында ғана нәресте босанған. Отбасы әлеуметтік қызметтердің есебінде болмаған және тұрмыстық жағдайы жақсы болғаны айтылуда.

Аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық және психологиялық сараптамалар тағайындалды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әрбір төртінші әйел босанғаннан кейінгі депрессияға шалдығады. Сарапшылар мұндай кезеңде аналарға қолдау көрсетудің маңызы зор екенін ескертеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *