Зейнетақыны шешіп алғысы келгендерге тосын жаңалық – министр түсіндірді

Жаңалықтар
view 500
news

Коллаж: Ulysmedia.kz

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға ниеттілер үшін жаңалық көңіл қуанта қоймайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бұл шек төмендемейтінін мәлімдеді.

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін кулуарда тілшілер министрден зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегін төмендету мүмкін бе деп сұрады. Министрдің жауабы нақты болды:
ешқандай төмендету жоспарланбаған.

«Зейнетақы жинағын ерте жаста шешіп алу болашақта, яғни қартайған шақта оның құнының өзектілігін төмендетеді. Сондықтан қазіргі таңда мұны істеудің қажеті жоқ», – деді Жақыпова.

Оның айтуынша, жинақ қаржы адамның қамсыз қарттығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Сондықтан ведомство зейнетақы жүйесінің ұзақмерзімді тұрақтылығын сақтауды көздеп отыр.

Естеріңізде болса, соңғы жылдары зейнетақы жинағын ертерек пайдалану – баспана алу, емделу, ипотекалық қарызды жабу мақсатында – қоғамда үлкен қызығушылық туғызған болатын. Сол себепті де жеткіліктілік шегі қайта төмендей ме деген сұрақ жиі қойылып жүр.

Алайда министрдің соңғы мәлімдемесі бұл үмітке нүкте қойғандай.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *