«Әнсіз күн мен баланың күлкісі»: Төреғали жан тыныштығын іздеп жүр ме?
Сурет: Ашық дереккөзден
Белгілі әнші Төреғали Төреәлі өзінің әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Өнер иесі өмірдің шынайы құндылықтары туралы толғанысын бөлісіп, жан тыныштығын қарапайым сәттерден іздейтінін аңғартты.

«Қарапайым дүниелерде терең шындық бар. Күннің иісі. Баланың күлкісі. Қара нан. Әнсіз өткен күн. Тыныш таң. Осындай сәттерде жүрек қайта тыныстайды», – деп жазды Төреғали Instagram парақшасында.
Бұл жазба оқырмандар арасында ерекше әсер қалдырып, желі қолданушылары оны бұрынғыдай жарқыраған шоу-бизнестен гөрі тыныштық пен тұнық сәттерге бет бұрған адам ретінде қабылдады.
Кейбір оқырмандар әншінің бұл жазбасын шығармашылыққа үзіліс жариялаудың белгісі деп те түсінді.
Пікірлер (0)