Салынбаған әжетханаларға 30 миллион теңге бөлінген

Жаңалықтар
view 109
news

Сарқан ауданында бюджет қаржысын иеленіп алу үшін Жетісудағы туристік аймақтарда салынбаған әжетханаларға 30 миллион теңге бөлінген. Тергеу дерегі бойынша шенеуніктер мердігерлерге жоқ әжетханалар үшін 29 миллион теңгеден астам қаржы берген. Олардың айтуынша, неше әжетхана салынуы керегі әлі белгісіз. Бұл туралы janabastau.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.  Жетісу облыстық прокуратурасы бұл іске қатысты әлі ешкім қамауға алынбағанын айтты. Ведомство "Аса ірі көлемде ақша жымқыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Бап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

"Сарқан ауданында әкімдік туристік нысандардағы санитария-гигиеналық тораптар жасау үшін 29 миллионнан астам ақша төлеген. Сотқа дейінгі тергеу басқармасы деректері бойынша, Жетісу облысының прокуратурасы қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде ұрлау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", – деді Жетісу облысы прокурорының көмекшісі Ләйлім Әбілмажинова.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *