Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, деп хабарлайды janabastau.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Роман Скляр премьер-министр міндеттерін уақытша атқарып жатыр.
Пікірлер (0)