«Саналы ұрпақ»: оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызы түсіндірілді
Фото: Ресми дереккөзден
Зеренді ауданында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Саналы ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылған «Прокурор сағатына» аудан оқушылары қатысты. Кездесу барысында мамандар жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға құрметпен қараудың маңыздылығы туралы түсіндірді.
Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Қатысушыларға күнделікті өмірде кездесуі мүмкін құқықтық жағдайлар түсіндіріліп, жауапкершілік мәселесіне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында танымдық Quiz ойыны ұйымдастырылды. Сайыс барысында жасөспірімдер құқықтық сауаттылықтарын, білімдерін және белсенділіктерін көрсетті.
Мұндай профилактикалық кездесулер өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заң талаптарын түсініп, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Пікірлер (0)