Көкшетауда "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында ауқымды профилактикалық акция өтті

Жаңалықтар
view 20
news

Фото: Ресми дереккөзден

Көкшетауда "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде 80-ге жуық қатысушыны біріктірген ауқымды профилактикалық акция өткізілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Акцияны Көкшетау қаласының полиция басқармасы мен "Жастар Рухы" жастар қанаты ұйымдастырды. Іс-шара Ақмола облысы Полиция департаменті, Көкшетау қаласы әкімдігі, жастар ресурстық орталығы, қалалық прокуратура, "Ес бол Qory" фронт-офисі және еріктілердің, оның ішінде есірткі қылмысы үшін бұрынғы сотталғандардың қатысуымен өтті.

Рейдтің негізгі міндеті есірткінің заңсыз айналымымен байланысты интернет-ресурстарды жарнамалайтын жазуларды анықтау және жою болды. Акцияға қатысушылар қаланың әртүрлі учаскелерін аралап, ғимараттардың қасбеттерін, қоршауларды және осындай жарнама орналастырылуы мүмкін басқа да объектілерді аралап шықты.

Нәтижесінде есірткіге сілтемелері бар 13 жазба анықталып, боялды. Тексеру көрсеткендей, бұл интернет-ресурстар бұрын бұғатталған, бірақ жазулардың қалалық ортада қалған. Акция барысында олар толығымен жойылды.

Сонымен қатар, іс-шара тек есірткі граффитиімен күреспен шектелмеді. Рейдтің маңызды бөлігі халықпен ақпараттық - түсіндіру жұмыстары болды. Қатысушылар қала тұрғындарымен сөйлесіп, профилактикалық буклеттер таратты, есірткі жарнамасын тарату және орналастыру жауапкершілігі туралы айтты.

Интернеттегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары туралы еске салынды, банктік карталарды, шоттарды және дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру тәуекелдері, сондай-ақ дропперлікке тартудың салдары туралы айтылды.

Рейдтің келесі кезеңі Зеренді саяжайларының ауданына шығу болды. Акцияға қатысушылар учаскелік инспекторлармен бірлесіп саяжай алабының көшелерін жаяу аралап шықты. Аралау барысында күдікті жазуларға, есірткі жарнамасының ықтимал орындарына, сондай-ақ профилактикалық қызығушылық тудыруы мүмкін үйлер мен басқа да объектілерге назар аударылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *