Сараптамалық кеңестер "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша 6 мыңнан астам өтінішті қарады

Жаңалықтар
view 28
news

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» қалалық бағдарламасы бойынша мегаполис тұрғындарынан 6118 өтініш түскен.

Өтініштер мәслихат депутаттарының, қоғамдастық өкілдерінің, құрылыс және абаттандыру саласы мамандарының қатысуымен әр аудан әкімдігі жанынан құрылған сараптамалық кеңестерде сарапталды, деп хабарлайды janabastau.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарапшылар келіп түскен өтінімдерді белгіленген санаттар бойынша «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының талаптары мен өлшемшарттарына сәйкестігіне, нобайы мен болжалды сметасының болуына баға берді. Енді әрбір өтінім үш мәртебенің бірін алады: «Дауыс беруге жіберілді», «Қайта қарауға жіберілді» немесе «Қабылданбады». «Халық қатысатын бюджеттің» барлық ережелеріне сәйкес берілген өтінімдер мақұлданады және дауыс беру кезеңіне жіберіледі.

Қайта қарауға жіберілген ұсыныстардың авторлары ағымдағы жылдың 10 қазаны мен 14 қазанын қоса алғанда, өз жобаларын түзетіп, қайта қарауға өтінімдер беру мүмкіндігіне ие болады.

Авторлар budget.open-almaty.kz интернет-порталында тіркелу кезінде көрсеткен электрондық пошта мекен-жайына өтінімді пысықтау қажеттілігі туралы хабарлама алады. Дауыс беруге жіберілген жобалар «Жобалар» бетінде «мәртебе» сүзгісі арқылы жарияланады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша кеңес немесе ақпаратты аудан әкімдіктерінен, сондай-ақ Open Almaty Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық қабылдауынан 224-39-29 (ішкі 203) телефоны арқылы алуға болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *