#SaveUrmiyeLake: Көлден шөлге айналып бара жатқан Урмия трагедиясы
Көлдің қазіргі жағдайы жайлы сайтымызға сұхбат берген белсенді: «Қазір Урмия көлі әлемдегі ең ірі экологиялық апат аймағына айналды. Ақиқатында Урмияны судан тарылтып отырған жомарт табиғат емес, адам қолымен жасалған қиянат. Сағасы суалған көлдің тұзданғандығы соншалық, тұзды дауылдар қоршаған ортаға үлкен қауіп тудырып тұр. Жергілікті халық Иран үкіметі көлді мақсатты түрде құрғатты деп айыптайды», – дейді.
Себеп-салдар
Әлемдегі ең үлкен тұзды көлдердің бірі саналатын Урмия деңгейінің төмендеуіне Иран билігі орнатып жатқан бөгеттер мен суландыру жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі себеп. Бір жылдары ұындығы 140, ені 55 шақырымға созылып жатқан көлдің құрғауынан жиырма миллионнан астам адам зардап шегуі мүмкін. Демек, қазір Урмия көлінің тұтас экожүйесі жойылу қаупі алдында тұр. Ғалымдардың болжауынша, алдағы бірнеше жылда көлдің орнында тек ми батпақ қалады. Сонымен қатар Урмия көлі толығымен құрғаса, Таяу Шығыс елдерінде жиі кездесетін құмды дауылдарға ұқсас «тұзды дауылдар» пайда болады және бұл тіршілікке үлкен қауіп төндірмек. Тұзды дауылдан адамзатқа, жануарлар мен өсімдіктерге орны толмас зиян келеді деген болжам бар. [caption id="attachment_1376" align="alignnone" width="600"] Үрмия көлінің қазіргі көрінісі. Фото: CNN[/caption]Иран үкіметі Урмия процесін «қалыпты табиғи құбылыс» ретінде бағалап, қажетті шараларды дер кезінде қабылдамаған. Бұл тақырып ішкі саясаттағы ең маңызды пікірталастардың біріне айналғандықтан, аймақтық заң шығарушылар бұл мәселені күн тәртібінде ұстауы тиіс. Бірақ соңғы жылдары көлді құтқару үшін жасалған қадамдар оң нәтиже бермегендіктен, 2015 жылы Ван көлінен Урмияға су тарту жоспарланған.
Тағдыры ұқсас тіршілік
Ірі экологиялық апаттардың қатарына қосылған Урмияның қазіргі жағдайы Қазақстандағы Арал теңізі, Балқаш, Ойыл көлінің тағдырымен ұқсас. Арал теңізі ғасырлар бойы планетамыздың ең үлкен континенттік сутоғаны ретінде белгілі еді. Теңізден сыртқа еш өзен ағып шықпайтындықтан, оның деңгейі буланудың арқасында ғана өз тепе-теңдігін сақтап отырды. [caption id="attachment_1384" align="alignnone" width="601"] «Арал тағдыры – адам тағдыры». Фото: BBC[/caption] Мамандар ендігі кезекте Балқаш пен Ойыл көлі де Арал тағдырын қайталауы мүмкін деп дабыл қағып отыр. Мәселе БҰҰ деңгейінде талқыланбаса, Қазақстандағы сулардың тартылуы экожүйені ғана емес, адам тағдырын да өзгертпек. [caption id="attachment_1385" align="alignnone" width="675"] Аралдың қазіргі көрінісі. Фото: National geographic[/caption]Бір кездері ұзыннан-ұзақ созылып жатқан Арал теңізінің арнасы қазір мақта өсіруге қажетті химикаттарға толы тұзды алқапқа айналған. Енді мұнда музей қабырғаларына ілінген картиналар мен тұзды аймақтағы «кемелер зираты» ғана теңізді еске салады.
Пікірлер (0)