Иран-Ресей келісімі Қазақстан экспортына шығын әкеледі
Жаңалықтар
180
Иран мен Ресей арпа жеткізу бойынша өзара келісім жасаспақ. Санкция астындағы қос мемлекеттің бұл қадамы Қазақстан экспортына айтарлықтай шығын әкеледі.
Қазақстан астық өндірушілер одағының мәліметінше, қазір елде арпа өндірісі 3,25 млн тоннаға жеткен. Мұның шамамен 1,36 млн тонна экспортқа жіберілсе, 120 мың тонна арпа келесі жылға қорда сақталады. Иран Қазақстан өнімін сатып алушы негізгі ел болғандықтан, арпа экспортының 80%-дан астамы Теһранға тиесілі.
Сонымен қатар өткен жылдан қалған қордағы астық жаңа жыл кезінде төмен бағамен сатылады. Себебі, сапасы төмендей бастаған. Өз кезегінде бұл астық өндірушілердің табысына кері әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты астық өндірушілер одағы 1 қыркүйектен бастап астық импортына тыйым салуды ұсынды.
Пікірлер (0)