Қауіпсіздік ережелері сақталмайтын «АрселорМиттал Теміртау» жабылуы мүмкін

Жаңалықтар
view 290
news

Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда Қарағандыдағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысы тоқтатылуы мүмкін. Бұған дейін қызметкерлер еңбек өтемақысы, қауіпсіздік мәселелері төңірегінде бірнеше ереуіл ұйымдастырғанмен, Қазақстан үкіметі компания иесі миллиардер Лакшми Митталдың алдында әлі күнге дейін дәрменсіз. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері өндірісте жүзден астам қауіпті жағдай мен 13 «жазатайым оқиға» орын алған. Енді кәсіпорындағы қауіпсіздік ерекше бақылауда болады. Сонымен қатар компания басшылығымен кездесуде ведомство өкілдері қызметкерлердің жағдайын жақсартуға және оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге шақырды. Негізінен компания қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін көп сыналады, металлургия комбинаты мен шахталардың жұмысшылары еңбек шарттары нашар деп жиі шағым айтады. 2017 жылы желтоқсанда өткен кеншілер шеруіне 600-ден астам адам жиналған. Сол уақыттан бері кеншілер мен металлургтар өз жұмыстарының ауыр әрі қауіпті екенін айтып келеді. Шыдамы шегіне жеткен жұмысшылар бірнеше жылдан бері жалақыны өсіруді талап етіп жүр. Кезінде Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қызметін атқарған Тамара Дүйсенова шахтерлардың ең аз табысы 320 мың теңге деген. Бірақ, кеншілер 120 мыңнан 210 мың теңге арасында айлық алатынын айтты. Шахтерлардың сөзінен кейін министр қызметтік тексеріс бастады. 1995 ж. 17 қарашада Қарағанды металлургия комбинатын жекешелендіруге байланысты жабық тендер өтті. Сол кезде «Испат Интернэшнл ЛТД» компаниясы төрт бәсекелестен озып шыққан. Компанияның штаб пәтері Лондон қаласында орналасқан. Келісім бойынша компания Қазақстан үкіметіне Қарметкомбинаттың қарыздарын жабу үшін алғашында 52 млн. доллар және жинақталып қалған жалақы қарызы үшін 11 млн доллар төлеуді мойнына алды. Мұнымен қоса бір жыл ішінде мемлекет басқаруында болған ҚарМК-ны сауықтыруға жұмсалған қаржыларды республикалық қалпына келтіру банкіне қайтару міндеттелді. Бұл кезде «Испат Интершашнл» жылына 12 млн. тоннага дейін сұйық металл өндіре алатын әлемдегі ең ірі жеке меншік компаниялардың бірі саналатын. Қарметкомбинатты сатып алғаннан кейін әлемдік болат өндірудегі 32-орыннан 14-орынға шықты. Осы заманға сай технологиялық құрылғылар енгізіліп, жаңа өндірістер салына бастады. Бүгінде компанияның зауыттары 4 құрлықтың 14 елінде, оның ішінде АҚШ, Франция, Германия, Польша, Чехия, Румыния, Босния, Македония, Канада, Мексика, Тринидад, Оңтүстік Африка Республикасы мен Алжирде бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *