Бас прокуратура шұғыл мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөз
Алаяқтар азаматтарды өздері қоңырау шалуға итермелейтін жаңа тәсіл пайда болды. Бас прокуратура мұндай схема соңғы уақытта жаппай таралып жатқанын ескертті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура алаяқтар жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жіберіп, азаматтарды өздеріне қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейтін жаңа схема пайда болғанын мәлімдеді.
Жаңа алаяқтық туралы бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы хабарлады.
Шетелдік деректерге сенсек, алаяқтар "авторизациядағы қате", "домофонды ауыстыру", "есептегіштерді тексеру" деген сылтаумен жаппай хаттар мен SMS-хабарламалар жолдап, адамдарды өздеріне қайта хабарласуға итермелейді. Осылайша, азаматтар өздері-ақ әлеуметтік инженерия әдістерін қолдануға мүмкіндік береді, – делінген мәлімдемеде.
Бас прокуратура мынадай сақтық шараларын ұсынады:
• Беймәлім хабарламалар мен қоңырауларға сыни көзқараспен қарау;
• Ұйымдардың ресми сайттарында көрсетілген нөмірлерге ғана қайта қоңырау шалу;
• Екі факторлы аутентификацияны пайдалану;
• Банк карталарының деректері мен SMS-кодтарды, сондай-ақ кез келген құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу.
Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар, – деп ескертеді прокуратура.
Пікірлер (0)