«Мәселе фигурада емес»: Ерке Есмахан оқырмандарына жауап берді

Жаңалықтар
view 25
news

Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде тараған сындарға жауап беріп, қазақ әйелдерінің «қиындықпен өмір сүруі керек» деген таптаурын түсінік әлі де қоғамға терең сіңіп қалғанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Kursiv.media.kz сайтының жазуынша, әнші эстетика мен әдемі өмір сүруді «өтірік», «постановка» деп қабылдайтындар көп деп айтқан.

«Өкінішті»

Қазақ әйелдері идеально өмір сүрмеу керек, кішкене қиналыңқырап жүру керек» деген программаның әбден миға сіңіп кеткеніне көзім жетті. Өкінішті!» – дейді ол.

Әнші әр адамның өмірін әдемі, үйлесімді етуге мүмкіндігі бар екенін айтады. Ол әйелдерге өз армандарын биік қоюдан қорықпауға, шектеулі ойлау жүйесінен арылуға кеңес берді. Сондай-ақ әлемдік танымалдылыққа ие болған жұлдыздарды мысалға келтірді.

Соның бірі – стиль мен әдемі өмірді насихаттайтын Ребекка ханшайым.

Өзін жақсы көру қабілетімен танымал болды. Мәселе фигурада да, «кемшілікте» де емес – сенімде, – дейді ол.

«Батыл болыңыз!»

Сонымен бірге халықаралық брендтермен жұмыс істейтін Ханне есімді инфлюенсерді үлгі етіп, қазақ қыздары да дәл сол деңгейге жете алатынын айтты.

Неге қазақтың қыздары Ханне секілді бір деңгейде жүрмеске? Біздің қыздар одан кем емес, тіпті артық тұстарымыз көп. Батыл болыңыз! Мүмкін, келесі жұлдыз – дәл сіз шығарсыз? – дейді Есмахан.

Әлеуметтік желіде «барыңды көрсетпе, бәрі ала алмайды» деп жазатындарға жауап берген.

Бұл жерде киім мен сөмке туралы әңгіме емес. Инстаблогтан әлемдік деңгейдегі жұлдыз болуға болатынын айтқым келеді. Әр сөзімді жүрегімен ұғып отырған құрбыларым: «оой Ерке, жазып, айтпай-ақ қой, бәрібір түсінбейді, – дейді. Бірақ мен анда-санда осылай айтып, жазудан қайтпаймын. Миллион адамның 1%-і мені түсінсе, оның өзі жетістік маған, – дейді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *