Әділет министрлігі ұсынған жоба қаншалықты әділ?
Жаңалықтар
183
Әділет министрлігі сайлау туралы заңға өзгерістер енгізіп, халықаралық ұйымдар қаржыландыратын қоғамдық бірлестіктердің Қазақстанда өтетін сайлауларға тәуелсіз байқаушы ретінде қатысуына тыйым салмақ. Министрліктің бұл бастамасын «еркін бақылауды шектейтін құжат» деп бағалаған қоғам белсенділері жобаға түбегейлі қарсы.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, мұндай шешім шетелдіктердің еліміздегі дауыс беру процесіне ықпал етпеуі үшін қабылданған. Егер бұл өзгеріс билік тарапынан қолдау тапса, аккредиттеуден сайлаумен бұрыннан айналысып келетін үкіметтік емес ұйымдар ғана өтеді.
Қазір аталған заң жобасы ашық нормативті-құқықтық актілер порталында қызу талқыланып жатыр. Оған 200-ден астам пікір-ұсыныс түскен. 8 шілдеде қоғамға ұсынылған «Сайлау туралы» конституциялық заңға өзгеріс енгізу жөніндегі заң жобасы бойынша мынадай «жаңа бастамалар» бар:
- Қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар аккредитация алу үшін банктегі және заңмен қорғалатын өзге де құпия ақпаратты ашуға келісім береді;
- Сайлауды бақылауға қатысу үшін аккредитациялау тәртібін Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) айқындайды.
- Қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар тарапынан қаржы алуы аккредитация бермеуге негіз бола алады.
Пікірлер (0)