Сайлау учаскелеріндегі рәсімдер ашық өтіп жатыр - Ұлыбритания парламентінің өкілі

Жаңалықтар
view 104
news

Сайлау учаскелерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібіне байқаушылар жақсы баға беріп отыр. Бұл туралы Ұлыбритания парламенті Қауымдар палатасының жоғары саяси кеңесшісі Реза Табризи айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Осыған дейін Қазақстанған 2019 жылы өткен сайлауға байқаушы ретінде келген болатынмын. Атап айтқанда, 1992 жылдан беру осы елге жиі сапармен келіп жүрмін. Жалпы бүгінгі салау нәтижесі туралы әлі айту ертерек. Таңертеңнен бері үш учаскеге барып үлгердім. Бұл сайлау учаскелерінде дауыс беру жақсы қарқында жүріп жатыр», - деді Р. Табризи елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығындағы брифингіде. Осы орайда ол сайлау учаскелерінде заң талаптары сақталып отырғанын айтты. «Сайлау учаскелеріндегі рәсімдердің барлығы ашық өтіп жатқанын байқадық. Дауыс беру үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жағдай жасалған. Осы жұмыстардың барлығын байқаушылар жақсы бағалап отыр. Сайлау учаскелеріне келген тұрғындардың да көңіл-күйі көтеріңкі екенін байқадық. Жалпы, баршасы осы сайлаудың ашық өткенін қалайды және дауыс беру науқаны заң талаптарына сәйкес өтуінің маңыздылығын жақсы түсінеміз. Бұл өз кезегінде Қазақстанның болашағына үлесін қоса алатын жастар үшін жақсы мүмкіндік», - деді Ұлыбритания парламентінің өкілі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *