Сенат бюросының отырысында Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді

Жаңалықтар
view 37
news

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросы өтіп, депутаттар 7 наурыз күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті. Алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республи­касының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Бұл құжат халықаралық іскер­лік операцияларда мемлекеттік кірістің жоғалуын болдырмауды көздейді. Сондай-ақ заң нормалары капиталды шығаруды бақылау тетіктерін күшейту үшін тараптардың өзара байла­ныстылығын анықтау жолдарын кеңейтеді. Бұдан бөлек, Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар Сенаттың тұрақты коми­теттеріне бөлініп берілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *