Сенат сайлауының алдын ала нәтижесі шықты

Жаңалықтар
view 78
news

ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қаласы ОСК жариялаған дауыс берудің алдын ала қорытындысына сай, Астанада қаласы бойынша Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай (62,2%) ең көп дауыс жинады. Үміткердің кандидатурасын 18 таңдаушы қолдаған. Елордада таңдаушы ретінде тіркелген 31 мәслихат депутатының 29-ы дауыс беруге қатысты. Ақмола облысы Ақмола облысында да ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау аяқталды. Талғат Жүнісов (90,9%) ең көп дауыс жинады. Ақмола облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үш адам үміткер болған. Сайлау Көкшетау қаласындағы «Bolashaq saraiy» сарайы ғимаратында өтті. Онда өңірдегі әр деңгейдегі мәслихаттардың 233 депутатының 219-ы немесе 94 пайызы дауыс берді, 14 түрлі себептермен дауы беруге қатыса алмады. Толығырақ сілтеме бойынша қараңыз...  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *