Сенатор Бекназаров конституциялық реформа азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз ететінін айтты

Жаңалықтар
view 31
news

Фотосурет: Консультациялық сот

ҚР Конституциясының жаңартылған баптары азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бұл туралы Сенатор Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысы барысында мәлімдеді.

Сенатор Конституциялық құрылыстың негіздеріне, Құрылтай мен Халық Кеңесінің қызметіне байланысты мәселелерге тоқталды. 

«ҚР жаңа Конституциясы жобасының 52-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Құрылтайы заңнамалық билікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органы болып табылады. Құрылтайдың өкілеттіктері, қызмет тәртібі, депутаттардың құқықтық жағдайы Конституциялық заңмен айқындалады. Бір палаталы Парламентке көшу шеңберінде заң шығарушы органның өкілеттіктері жете қайта қаралып, Құрылтайға қатысты кең ауқымды түзетулер жобасына өкілеттіктерді кеңейту және тежемелер мен теңестірмелер жүйесін күшейту енгізілді. Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз етеді», – деп айтты Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі. 

Сондай-ақ ол Әділетті Қазақстанды саяси жаңғырту және қалыптастыру бағыты саяси жүйені жаңартудың, парламенттік бақылауды күшейтудің және заңнаманың сапасын арттырудың тиімді тетігі болатынын атап өтті. 

«Ұсынылған нормалар Құрылтайдың жедел, түсінікті және қоғам үшін ашық заң шығару процесі болуына ықпал етеді. Конституциялық қағидаттарды нығайту, сондай-ақ билік пен қоғам арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынас дәстүрлерін одан әрі нығайту үшін жаңа институт – Қазақстан Халық кеңесін құру ұсынылды. Халық кеңесін құру мәртебесі мен тәртібі Конституцияның жекелеген бөлігінде және арнайы Конституциялық заңда бекітіледі. Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар елдің конституциялық құндылықтары мен оның қағидаттарын құнды мазмұнмен толықтырып, елдің жаңа тарихи кезеңге өтуіне негіз болатыны сөзсіз», - деп түйіндеді Бекназаров.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *