«Сендерге қараудың өзі жиіркенішті»: Мұғалім хиджаб киген оқушыларға көпшіліктің көзінше ұрысқан

Жаңалықтар
view 88
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған видеода сыныпта тақта алдында сегіз оқушы хиджабпен қатар тұрғызылғанын көруге болады. Ақпарат көздері видео Қазақстан мектебінде түсірілген дейді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Todayinfo.kz порталына сілтеме жасап. 

Сұлу қыздар, сабақ соңында мүлде есірдіңдер… Мені, ата-аналарын елеп тұрған жоқ. Сабақ кезінде мектеп формасын кию керек деп айтылды ғой. Міне, қалай әдемі, иә? Сендерге қараудың өзі жиіркенішті, кешіріңдер, әрине. Маған қалай сыйластық танытсаңдар, мен де солай жауап беремін, – дейді мұғалім кадр сыртында.

Видео желіде тез тарап, қызу пікірталас туғызды. Пікір жазғандар мұғалімнің сөзі мен әңгіме мәнерін сынға алды. Оқу-ағарту министрлігі жариялаған мәлімдемесінде әлеуметтік желілерде көрсетілген жағдайдың Қазақстан мектептері мен білім беру жүйесіне қатысы жоқ екенін айтты.

Сонымен бірге Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қатысты қолданыстағы талаптарды еске салуды маңызды деп санайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында міндетті мектеп формасы туралы барлық қажет құқықтық негіздер бекітілген, – делінген хабарламада.

Тиісті бұйрықта қыздар мен ұлдар үшін киім үлгісі анықталған. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқу процесінің зайырлы сипатына сәйкес келеді.

Киім үлгісі классикалық болуы керек, түстер гаммасы – тыныш, айқын емес реңктерде және үштен көп түсті біріктіруге жол берілмейді.

Сонымен бірге «Талаптардың» 13-бабына сәйкес, мектеп формасына әртүрлі діндерге тән киім элементтерін қосуға жол берілмейді.

Ата-аналар мектеп ережесін және бекітілген талаптарды сақтау міндетін атқаратынын атап өту маңызды. Бұл міндеттемелерді орындамау заң бойынша жауапкершілікке, соның ішінде Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша әкеледі, – деп нақтылады министрлік.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *