Министр әділетсіз әлеуметтік төлемдерді тоқтатуды ұсынды: ата-аналарға қосымша қаражат тоқтай ма?

Жаңалықтар
view 159
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдерді қысқарту жоспарын түсіндірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Министрлікте сарапшылар тобы құрылып, артық төлемдерді қысқарту бойынша ұсыныстар әзірленіп жатыр. Премьер-Министр бұл жұмысты 1 желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырған.

Жақыпова төлемдердің бір мысалы ретінде мүгедектігі бар баланы үйде оқытатын ата-аналарға берілетін қаражатты атады. «Қазіргі таңда ата-аналарға 500 теңгеден 3 000 теңгеге дейін әлеуметтік төлемдер беріледі. Ал Конституция бойынша әрбір ата-ана өз баласына жауапты. Мемлекет мектепке жоғары тарифпен ақша төлейді, оған қоса ата-анасына да қосымша төлем беріледі. Бұл – әділетсіздік», — деді министр Мәжілістегі брифингте.

Осы нормаларды қайта қарау жұмыстары алдағы айларда жүргізілетін болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *