Қазгидромет 11 қыркүйекке дауылды ескерту жариялады

Жаңалықтар
view 86
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Қазгидромет хабарлауынша, 11 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ауа райы күтіледі. Астанада найзағай ойнап, тұман түседі, желдің екпіні 15 м/с жетеді, депхабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Солтүстік пен Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Жетісу облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15–28 м/с соғады. Кей өңірлерде жоғары және өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ал Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында найзағай мен күшті жел күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қаупі бар.

Синоптиктер тұрғындарды абай болуға, ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға шақырады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *