Ертуған Зейнуллинов жарыстан кетті
Жаңалықтар
75
Фотосурет: Өзбекстанның олимпиадалық комитеті
Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Ертуған Зейнуллинов Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ агенттігі.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалдық жекпе-жекте Зейнуллинов 2024 жылғы Олимпиада чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы, өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаевпен кездескен.
Үш раундқа созылған кездесуде жеңіс өзбек боксшысының еншісіне тиді. Бұл нәтижемен Муйдинхужаев жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальге қол жеткізді. Ал Ертуған Зейнуллинов турнирден шығып қалды.
Пікірлер (0)