Халықаралық жарыста батысқазақстандық оқушылар тоғызқұмалақтан алтын медаль қанжығалады

Жаңалықтар
view 23
news

Фотосурет: дереккөз

Батысқазақстандық оқушылар Рунымияда тоғызқұмалақтан ұйымдастырылған халықаралық жарыста топ жарды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Сайыс қыркүйектің 5-і мен 7-сі аралығында өтті. Оның қорытындысы бойынша жас спортшылар 2 алтын, 2 күміс медаль қанжығалап, командалық есепте І-орын иеленді. 

Румынияда өткен додада Қазақстан, Румыния, Германия,Түркия, Италия, Болгария, Венгриядан 60-қа жуық спортшы бақ сынаған.

Халықаралық сайыста ерлер арасында алтын медальді Әбдрахман Текебай иеленді. Қыз балалар арасында алтын медальді Қарақат Сәлімғали, ал күміс медальді Ализа Ерниязова мен Айым Қонасова еншілеген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *