«Шешем орамал тақсын»: Уәлибек Әбдірайымов ұлының дінге бет бұруы жайлы айтты

Жаңалықтар
view 288
news

Сурет: Бейнежазбадан скриншот

Белгілі театр және кино актері Уәлибек Әбдірайымов ұлының дінге бет бұра бастаған кездегі жағдайды еске алып, отбасы ішінде болған бір жайтпен бөлісті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпараттық агенттігі Todayinfo порталына сілтеме жасап.

Актердің сөзінше, ұлы 9-10 сыныпта оқып жүрген кезде мешітке жиі барып, діни сенімге ықыласы артқан. Алайда бұл қызығушылық отбасында белгілі бір алаңдаушылық тудырған.

«Балам мешітке барып, намаз оқуға бет бұрды. Бір күні өзімізге: “Сіздер де намаз оқыңыздар, шешем орамал тақсын” деп талап қоя бастады. Сол сәтте мен тоқтау айтуым керек болды. “Мешіттегі ұстазыңа айт, әкең енді сені мешітке жібермейді” дедім. “Сен маған бұйыра алмайсың, мен саған бұйырам” деп жауап қаттым. Осы сөзден кейін ұлым біраз ойланып, сабырға келді», – деді актер.

Уәлибек Әбдірайымов бұл жайтты мысал ете отырып, ата-аналарға баланың діни қызығушылығына байыппен қарауға кеңес берді.

«Жастар дінге қызықса, оған тыйым салмай, дұрыс бағыт көрсету қажет. Бірақ бұл үдеріс ата-ананың өмірлік тәжірибесімен және ақылымен үндесіп жүруі керек», – деп түйіндеді өнер иесі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *