«Шетелдіктер тоқтаусыз жазып жатыр»: Тұрсынбаеваның немересі бір ғана қылығымен әлемге танылды

Жаңалықтар
view 122
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева немересі Әлем туралы жазбасында адамның есімі өміріне әсер ететініне сенетінін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Адамның есімі өміріне әсер етеді дегенге қатты сенетіндердің бірімін. Немеремнің есімін Әлем деп қоюым да жайдан-жай емес еді. «Әлемге танылсын, әлемге пайдасы тисін» деген ниетпен қойылды, – деп жазды ол.

Ақынның айтуынша, сол ниет қабыл болғандай әсер қалдырған.

Сол ниет қабыл болды ма, кім білсін, Әлемнің бір ғана қылығы видеоға түсіп, 50 миллион қаралым, 2,5 миллион лайк жинап, әлемнің назарын өзіне бұрды, – дейді ол.

Ақын видеода ешқандай сценарий мен арнайы образ болмағаны атап өтті.

Ол ешқандай сценарийсіз, арнайы образсыз, жәй ғана Айфонды бассейнге лақтырып жіберді. Мұны әлем көріп, шетелдіктер тоқтаусыз пікір қалдырып жатыр, – дейді ақын.

Сондай-ақ бұл сәт «Лувр» музейінің тарихында қалған.

Бұл сәт «Лувр» музейінің тарихында қалып, Әлем лақтырған телефон қабырғаға ілінді. Бүкіл әлем бұл тарихқа қарап жатыр, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Оның айтуынша, осы видеодан кейін Әлемнің ата-анасына әлемдік компаниялардан ұсыныстар түсе бастаған.

Осылайша, Әлем өз есіміне сай әлемнің есігін еркін ашып келеді, – деп түйіндеді ол сөзін.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *