Тоқаев Ghtpbltyn Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығын көрді

Жаңалықтар
view 23
news

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қолға алған Defense Tech жобасы таныстырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Defense Tech бастамасы Қарулы Күштердің және ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қажеттілігі үшін отандық технологиялық шешімдерді анықтау, іріктеу және жедел дамыту жөніндегі инновациялық экожүйе құруды көздейді

Жоба аясында инновациялық командалармен және ғылыми-техникалық ұйымдармен тұрақты жұмыс механизмі қалыптасады.

Astana Hub алаңында Defense Tech үйлестіру кеңсесі ұйымдастырылған. Бұл Қорғаныс министрлігі, технологиялық кәсіпкерлер, ғылыми ұйымдар және индустриалдық серіктестер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Бастаманы ілгерілету аясында Алматыдағы Армия Үйі базасында мультифункциональды инновациялық хаб – Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығы ашылды.

Мұнда отандық ІТ компаниялар мен стартап командалардың қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы озық технологиялық шешімдері мен перспективті әзірлемелері ұсынылған.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Presight AI-дың Қазақстандағы цифрлық шешімдерді дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *