Нұрлан Әлімжан мен Айгерім Қалаубаева не бүлдіріп жүр? (ВИДЕО)
Фотосурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желілерде әншілер Нұрлан Әлімжан мен Айгерім Қалаубаеваның бірге түскен видео және фотокадрлары кең тарап, жұртшылық арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Интернет кеңістігінде тараған жазбаларда өнер иелерінің бір-бірімен етене араласқаны байқалады. Осы көріністер желі қолданушылары арасында түрлі сұрақ туғызып, пікірталасқа себеп болды.
Жұбайлары бұған қалай қарайды екен?», «Екеуі үнемі қатар жүретін сияқты», «Шамадан тыс жақын емес пе? – деп жазды кейбір оқырман.
Ал тағы бір топ олардың арасындағы қарым-қатынасты өнердегі әріптестік деп бағаласа, өзгелері ерекше байланыс болуы мүмкін деген ойларын білдіріп жатыр.
Дегенмен әзірге Нұрлан Әлімжан да, Айгерім Қалаубаева да бұл жағдайға қатысты жауап қатқан жоқ.
Пікірлер (0)