Атырау облысында келін 82 жастағы енесін пышақтап тастаған

Жаңалықтар
view 118
news

Фотосурет: ulpravda.ru

Атырау облысының Қызылқоға ауданында келін енесін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ АҚПАРАТ агенттігі.

Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, қайғылы оқиға 2025 жылдың мамыр айында болған. Қазір қылмыстық іс сот өндірісіне қабылданған. Тергеу деректеріне қарағанда, марқұм кейуана ұзақ уақыт бойы ауыр хәлде болып, төсекке таңылған және өздігінен қозғала алмай, бөгде күтімге мұқтаж болған.

Қылмыс жасалған күні үйде марқұм мен оның 38 жастағы келіні ғана болған. Күдікті асүй пышағымен 82 жастағы қарт әйелге төрт рет пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізілгенмен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Оқиға орнына жедел жеткен құқық қорғау органдары күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстың нақты себептері әзірге анықталған жоқ.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабымен («Адам өлтіру») қылмыстық іс қозғалды. Тергеуде тағайындалған сот-медициналық және психологиялық-психиатриялық сараптамалар күдіктінің созылмалы психикалық дертке, атап айтқанда параноидты шизофренияға шалдыққанын көрсеткен.

Қазір іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *