Шетелдегі ең соңғы сайлау учаскесі жұмысын бастады
Жаңалықтар
66
Сан-Францискода шетелдегі соңғы сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды janabastau.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінен мәлім болды.
Айта кетейік, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан ашылған 68 сайлау учаскесінің 10-ы жұмысын аяқтады.
57 сайлау учаскесі жұмысын жалғастырып жатыр. Ең соңғысы - Сан-Франциско қаласындағы учаске астана уақытымен сағат 21.00-де ашылатыны хабарланған болатын.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 282 607 азаматы бюллетень алды.
Бұл - тізімге енген азаматтардың 69,31 пайызы.
Пікірлер (0)