Щучинск дәмханасындағы жарылыс: құрбандар саны 12-ге жетті

Жаңалықтар
view 31
news

Фото: ашық дереккөз

Щучинскідегі трагедия болғанына бір жарым айдан астам уақыт өтті. Бүгін Астанадағы ауруханалардың бірінде «Центр плова» дәмханасында болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір адамның қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Науқастың қаза тапқаны туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұған дейін ол санитарлық авиациямен жеткізілген болатын.

Ведомствоның нақтылауынша, ер адам есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмған. Ол өрт кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарының ауыр зақымын алып, комада жатқан – дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Щучинскідегі «Центр плова» мекемесіндегі қайғылы оқиға 2026 жылғы 26 ақпанда кешкі уақытта болған. Төтенше жағдайдан кейін бірден жеті адамның қаза тапқаны хабарланған: олардың бесеуі оқиға орнында көз жұмса, тағы екеуі жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *