Шымкентте сегізінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
Жаңалықтар
62
Қайғылы оқиға 6 ақпанда Шымкенттегі «Низамхан» атындағы жекеменшік мектепте орын алды. Сабақ үстінде 8-сынып оқушысының жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Жасөспірім қыз жансақтау бөлімінде тілге келмей көз жұмды деп хабарлайды janabastau.kz.
Ақпаратқа сәйкес ол үйінде әжесінің жүрек ауруына қарсы дәрісін көп мөлшерде ішіп қойған. Кейін әдеттегідей сабаққа келген.Бірінші сабақта ол өзін нашар сезінген.
Директордың айтуынша, дереу жедел жәрдем қызметкерлері шақырылған.
Марқұм қыз бұған дейін де, 2023 жылдың күзінде өзіне қол жұмсамақ болған. Қараша айынан бері қызбен психологтар жұмыс істеген.
Аталған жайтқа қатысты «суицидке дейін жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған.
«Бала сабақ үстінде өзін нашар сезінді. Сосын оның жүрекке арналған 40 шақты таблетка ішіп, мектепке келгенін айтты. Айтайын дегенім, қызды ешкім ренжіткен емес, сыныптастарымен жақсы араласты», - дейді «Низамхан» жекеменшік мектебінің директоры Юлия Сергеевна.
Пікірлер (0)