Енді Мәжілісте маска тағу міндеттеледі
Жаңалықтар
65
Енді Мәжіліс ғимаратында жүргендер міндетті түрде маска тағып жүреді. деп хабарлайды janabastau.kz.
7 ақпаннан бастап жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе бетперде режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.
Президент Іс басқармасының Медицина орталығының Бас санитариялық дәрігері Айгүл Темірғалиеваның қаулысына сәйкес 7 ақпаннан бастап коронавирустың алдын алу шаралары енгізілді. Қаулыға сәйкес ғимаратқа келетіндер маска тағуға міндетті."Осыған орай, Мәжілістегі іс-шараларға қатысатын журналистерден шектеулер ресми түрде жойылмайынша жоғарыда аталған шараларды сақтауды сұраймыз. Ғимаратқа кірер кезде өзіңізбен бірге медициналық маскалар алып келуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Пікірлер (0)