Солтүстік Қазақстанда ер адам әжесін пышақтап өлтірді

Жаңалықтар
view 36
news

Фотосурет: istock

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында зейнеткер пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Полиция мәліметінше, қайғылы оқиғаға тұрмыстық жанжал себеп болған. Қылмыс жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды. 

"74 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыс жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *