Соңғы жеті жылда білім саласына бөлінген қаржы 6,4 трлн теңгеге жетті.
Фото: Ақорда
Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда білім жүйесін дамытуға баса назар аударылатынын атап өтті.
Соңғы жеті жылда бұл салаға бөлінетін қаржы үш есе артып, 6,4 трлн теңгеге жетті. Кейінгі бес жылдың ішінде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1120 мектеп салынды. 5 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жаңартылды. «Келешек мектептері» жобасы аясында 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынды. Келесі жылы әрбір өңірде, соның ішінде мектептерге сұраныс бар аудандарда сапалы оқу орындарының құрылысы жалғасады.
«Педагог мәртебесі туралы» арнайы заңға толықтыру енгізіліп, ұстаздарға қосымша құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер берілді.
«TALIS-2024 зерттеуінің нәтижесіне сәйкес, Қазақстан мұғалімдердің беделін нығайту көрсеткіші жөнінен 2-орында тұр. «Ұстазды қадірлей білу – өркениетті қоғамға тән қасиет. Біз ұлт сапасын арттырамыз десек, бірінші кезекте мұғалімдерге барынша қолдау көрсетуіміз керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным», – деді Президент.
Пікірлер (1)
Мемлекеттік тілді дамытуға қанша қаржы бөлінді екен?