Сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлының жазасын жеңілдетпеді

Жаңалықтар
view 100
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат жазасын өтеуді жалғастыратын болды. Бұл мәселе Алматы облысы Алатау қаласының сотында қаралды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ведомство 2024 жылғы 22 қазанда Алматы қаласының Медеу аудандық №2 сотының қаулысымен сотталған Нұрасыл Болатқа қатысты 1 жыл 5 ай 10 күн бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылғанын еске салды. Ал бұл шара пробациялық бақылау талаптарының бірнеше рет бұзылуына байланысты қабылданып отыр.

Атап айтқанда, сотпен анықталған фактілер:

- 2024 жылғы 14 тамызда түңгі сағат 03:00-де қоғамдық орында болу арқылы соттың қойған шектеулерін бұзғаны;

- 2024 жылғы 11 қазанда кешкі уақытта мейрамханаға баруы;

- 2024 жылғы 12 қазанда түнгі ойын-сауық мекемесінде болуы.

Сотталған адамға алдын ала міндеттері түсіндіріліп, олардың бұзылуының салдары туралы ескертілген. Бқл бұзушылықтар іс материалдары негізінде расталды.

Сот қорытындысы бойынша мынадай үкім шығарылды:

Сотталған Н. Болаттың жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды.

Өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға негіз ретінде сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының шарттарын бұрынғы уақытта жүйелі түрде бұзғаны алынып, барлық мән-жай мен ҚР Қылмыстық кодексінің 73-бабын ескере отырып, сот сотталған Нұрасыл Болаттың мінез-құлқындағы оң өзгерістердің расталмағанын анықтады. Оның түзелгені дәлелденген жоқ. Сондықтан жазаны орындау жалғасуға тиіс.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *