Нұрлан Нығматулиннің ұлына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Жаңалықтар
view 53
news

Фотосурет: adyrna.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұлына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұрын хабарланғандай, сот өндірісінде Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінде болған қылмыстық іс бар. Ол іс халықаралық тергеу тапсырмасына сәйкес тоқтатылды, – деді Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі.

Сондай-ақ журналистер одан Нұрлан Нығматулиннің ұлының мәртебесі туралы сұрады.

Әзірге куәгер ретінде қаралып жатыр. Біздің сұранымымызға қатысты жауап келген соң оның мәртесі анықталады, - деді Жеңіс Елемесов.

Еске сала кетсек, бұған дейін кәсіпкер Қанат Әміркин Нұрлан Нығматулиннің үлкен ұлы өзінен «Алатаудорстрой» компаниясын тартып алып, үлкен сомада ақша талап еткенін айтқан еді. Сөйтіп Нұржан Нұрлановтың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Дегенмен кейін оның рейдерлікке қатысы бар күдікті ретінде танылмағаны айтылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *