Мүфтидің қызы ұзатылды: дәстүр ме, шариғат па?

Жаңалықтар
view 242
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы бас мүфтиі Сансызбай Құрбанұлының қызының ұзату тойы өтті. Салтанатты шараға 350-ге жуық ер адам қатысты деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Қонақтар қатарында зиялы қауым өкілдері, дін қайраткерлері мен қоғам белсенділері болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, той шариғат талаптарына сай өткізілген. 

Жиын барысында ақсақалдар жас жұбайларға бата беріп, ақ жол тіледі. Алайда әлеуметтік желіде бұл тойға қатысты түрлі пікірлер айтылды. Біраз жұрт қазақы ұзату дәстүрінде қызды анасы, әпкелері мен жеңгелері шығарып салатынын алға тартып, мұндай форматтың ұлттық салтқа қайшы екенін жазған.

Бұл – қазаққа жат, – деген сыни пікірлер де болды.

Екінші тарап, керісінше, тойдың шариғат талаптарына сай ұйымдастырылғанын оң бағалап, әр отбасының мерекені өз сенімі мен қалауы бойынша өткізуге толық хақылы екенін атап өтті.

Осылайша, бір отбасының қуанышы көпшілік арасында «Дәстүр ме, шариғат па?» деген даулы пікірталасқа ұласты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *