Сотталушының адвокаты судьядан өмірде жоқ Шерзат пен Нұрқанаттың үстінен іс қозғауды сұрады

Жаңалықтар
view 337
news

Коллаж: Qaz365.kz

Шерзат Полаттың ісі бойынша сот жарыссөзінде сотталушы Дидар Қалиахметтің адвокаттары сөйледі. Сотталушының адвокаты судьядан өмірде жоқ Шерзат пен Нұрқанаттың үстінен іс қозғауды сұрады деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол бірде-бір адамға жан немесе тән азабын келтірмеген. Сол себепті одан жәбірленушілер талап еткен талапты алып тастауды сұраймын, – деді Мырқасымбаев.

Ал екінші адвокаты Гаухар Баймұханова төбеелес кезінде пышақ, мылтық алып шыққандар жәбірленушілер екенін айта келе жаңаша қылмыстық іс қозғауды өтінді.

Дүкеннен пышақты бірінші болып алып шыққанын ескере келе, Шерзат Полатты, Нұрқанат Ғайыпбаевты, Қаржаубай Нұрымовты қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша көрсетілген қылмыстық құрамның болуына байланысты қылмыстық іс қозғау туралы жекеше қаулы шығаруды сұраймын. Аталған қаулыны Алматы облысы прокуратурасына жолдауды өтінемін, – деді ол.

Адвокат сол түнгі жанжалдың сылтауы мен себебін зерттеп, жанжалға қатысушылардың әрекеттерін, басқа мән-жайларды анықтау керек деп есептейді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *