ШҚО-да әкім тұрғындарды не үшін балағаттағанын түсіндірді (ВИДЕО)
Фотосурет: видеодан скриншот
ШҚО Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеуханов әлеуметтік желіде тұрғындарға балағат сөз айтқан бейнежазбасына қатысты ауыл жұртшылығынан кешірім сұрады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде әкімнің ауыл тұрғындарымен кездесуде дауыс көтеріп, үстелді ұрып, бейәдеп сөздер айтқан сәті жарияланған еді. Содан кейін шенеунік бейнеүндеу жариялап, өз әрекетін түсіндірді.

Кеше ауылда қоғамдық тыңдау өтті. Сол кезде бөгде адамдар келіп, оның өтуіне кедергі келтірді. Соның салдарынан тыңдау шамамен 5 сағатқа созылды. Сол сәтте мен эмоцияға беріліп, орынсыз сөздер айтып қойдым. Шілікті ауылдық округінің тұрғындарынан кешірім сұраймын, – деді Қуаныш Төлеуханов.
Сонымен қатар ол өзінің сол ауылда туғанын әрі ел игілігі үшін жұмысын ары қарай жалғастыратынын айтты.
Пікірлер (0)